Академиялық ұтқырлыққа құжаттарды қабылдау ашық!
28.02.2024

Құрметті студенттер, Республикалық бюджет қаражаты есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2024-2025 оқу жылының күзгі семестріне құжаттарды қабылдау ашық екенін қуана хабарлаймыз.


Кім қатыса алады?

GPA 2,5-тен жоғары және ағылшын тілін меңгеру деңгейі B1(Intermediate) - ден төмен емес мемлекеттік білім беру грантында оқитын бакалавриаттың 2-3 курс студенттері.


Қажетті құжаттар::

  • Студент қол қойған және ұялы телефон мен электрондық пошта нөмірі көрсетілген "ХАТУ" АҚ ректорының атына жеке өтініш (мысал сайтта бар).
  • Ағылшын тіліндегі Транскрипт (GPA 2,5-тен төмен емес).
  • Тілді меңгергені туралы сертификаттың көшірмесі (IELTS, TOEFL) немесе ағылшын тілі мұғалімінің растауы (тілді меңгеру Intermediate деңгейінен төмен емес).
  • әлеуметтік мәртебесін растайтын құжаттар (жетім балалар немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер, мүгедектікті растайтын құжат, көп балалы отбасылардан шыққан студенттер)


Өтінімдерді қабылдау 17 наурызға дейін (қоса алғанда)

Құжаттар https://mobility.iitu.edu.kz/home сайт арқылы онлайн режимінде ұсынылуы керек және hard құжаттардың көшірмелерін титулдық бетте аты-жөні мен мамандығын көрсете отырып, 801 кабинетке 1 папкада (пластиктен, мөлдір үстіңгі жағымен) тапсыру.


Қаржыландыру мыналарды қамтиды::

➢ Самолетпен бару-қайту

➢ Тұру

➢ Медициналық сақтандыру

➢ Визалық алым


Гранттар саны шектеулі (еуропалық жоғары оқу орындарына 8 орын және оңтүстік бағыты бойынша жоғары оқу орындарына 2 орын). Гранттарды бөлу туралы шешімді қоғамдық комиссия қабылдайды. Сұрақтар бойынша: bsazayeva@iitu.edu.kz (MSTeams, Outlook), 801 каб

Версия сайта для слабовидящих