COURSERA КАЗАХСТАН платформасына кірі мүмкіндігі берілді
13.09.2024

Құрметті IITU бірінші курс студенттері!

Сіздің кәсіби және жеке дамуыңыз үшін Bilim Media Group компаниясынан Coursera Kazakhstan платформасына кіру мүмкіндігі берілгенін хабарлауға қуаныштымыз!


2024-2025 оқу жылының 1-ші семестрі аясында келесі курстарды өтуіңіз қажет:

«Learning How to Learn: Powerful mental tools to help you master tough subjects» – 1-ші курс бакалавриат студенттеріне арналған. Бұл курс сізге күрделі материалды тиімді меңгерудің негізгі стратегияларын үйретеді және университеттің академиялық талаптарына бейімделуге көмектеседі.

«The Science of Well-Being» – 1-ші курс магистранттарына арналған. Бұл курс магистратура кезеңінде ерекше маңызы бар, жеке әл-ауқатты күшейтуге, стрессті басқаруға және мотивацияны арттыруға бағытталған.


Аталған курстарды өту міндетті, себебі олар транскриптіңізде көрсетіледі. Coursera курсын аяқтағаннан кейін алынған сертификат сіздің портфолиоңызға және түйіндемеңізге тамаша қосымша болады.

Сонымен қатар, Coursera платформасын пайдаланып, бағдарламалау, жасанды интеллект, бизнес, тілдер және басқа да жаңа бағыттарды зерттеп, әлемдік деңгейдегі университеттерден қосымша сертификаттар алу мүмкіншілігін өткізіп алмаңыз!


Ол үшін сізге не істеу керек:

Корпоративтік есептік жазбаңызға кіріңіз (егер корпоративтік аккаунтқа қалай кіру керектігін білмесеңіз, эдвайзерлеріңізге хабарласыңыз).

COURSERA KAZAKHSTAN хатын тауып, сілтеме бойынша өтіңіз.

2024 жылдың 14 желтоқсанына дейін қажетті курстарды аяқтап, сертификат алыңыз.

Қаласаңыз, біліміңіз бен дағдыларыңызды кеңейту үшін қосымша курстарды да өтуге болады.


Оқуыңызды бүгіннен бастап, табысты академиялық және кәсіби мансапқа алғашқы қадам жасаңыз!

Версия сайта для слабовидящих