Бүгін, 8 қараша күні "University Alliance of Scince and Technology" ЖОО альянсының қолдауымен EUSPN 2023, ICTH 2023 және Workshops әлемдік конференцияларының ашылуы өтті.
Талқылаудың басты тақырыбы индустриядағы, медицинадағы жасанды интеллекттің рөлі және технологиялардың трансформацияланатын әлеміне мамандар даярлау болды.
ХАТУ ректоры Асқар Хикметов жасанды интеллект адам интеллектін талап ететін міндеттерді орындауға ықпал ететін аса маңызды технология екенін атап өтті.
Бұл психология, информатика және инженерия элементтерін біріктіретін АТ саласы. Жасанды интеллект мамандары үшін жиналған деректермен жұмыс істей білу, оларды талдау, олардың мағынасын түсіну және тікелей белгілі бір салаға қолдану маңызды.
ХАТУ сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың зерттеу белсенділігін ынталандыру арқылы жасанды интеллект және киберқауіпсіздік бойынша вебинарлар ұйымдастырады.