Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті «University Alliance of Science and Technology» альянсы және «NNEF» қоғамдық қорының қолдауымен Қазақстандағы алғашқы Жасанды интеллект бойынша Жазғы мектепті өткізді.
Жазғы мектептің басталуы «AI: инновациялар, трансформация және болжамдар» атты дөңгелек үстелмен атап өтілді.
Кездесуде Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің негізінде «Жасанды интеллект» жаңа білім беру бағдарламасы аясында студенттерді оқытатын кадрларды трансформациялаудың қажеттілігі талқыланды.
Талқылауға ХАТУ басқарма төрағасы – ректоры Хикметов А.К., ҚБТУ басқарма төрағасы – ректоры Габдуллин М.Т., Astana IT University ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Белощицкий А.А. және UIB ректоры Махметова А.М., сондай-ақ шақырылған спикерлер – Гази университетінің техника ғылымдарының докторы Четин Е. (Түркия), Киев ұлттық құрылыс және архитектура университетінің жобаларды басқару кафедрасының меңгерушісі Бушуев С.Д. және Әзербайжан жобаларды басқару қауымдастығының басшысы, техника ғылымдарының докторы Бабаев И. қатысты.
Айта кетейік, бұған дейін білім беру бағдарламаларын трансформациялаудың қажеттілігін ҚР президенті Токаев Қ. Digital Bridge 2023 форумында атап өткен болатын. Жазғы мектеп маусымның 27-не дейін жалғасып, жасанды интеллектіні білім беру бағдарламаларына енгізу мәселелері қарастырылады.