Спорт түрлері бойынша Cпартакиада жеңімпаздары анықталды
18.01.2024

Университетте оқытушылар мен қызметкерлер Cпартакиадасы жалғасуда. Үшінші күні командалар үстел теннисінде бақ сынасты. Бұл спорт түрінің жеңімпазы "Жауынгер" құрамасы болды, екінші орынды "SpaceX" командасы иеленді, құрметті үшінші орынды "DreamTeam"командасы жеңіп алды.

Спартакиадаға қатысушылар зияткерлік спорт түрлерінен де бақ сынасты. Шахматта "Достық" командасының өкілдері үздік болды, олардың артында "SpaceX" командасы,"Dream Team" командасы қола жүлдегер атанды. Тоғызқұмалақта "Чемпион" командасымен тең болған жоқ, екінші орында "Достық" құрамасы, "Dream Team" командасының өкілдері үздік үштікті жапты.

19 қаңтарда футзал бойынша финалдық матчтар өтеді, сондай-ақ Cпартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

IMG_4983.JPG

IMG_5162.JPG

IMG_4970.JPG

IMG_4971.JPG

Версия сайта для слабовидящих