IITU академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қабылдау туралы хабарландыру (2026 жылдың көктемгі семестрі)
03.10.2025

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) 2026 жылдың көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға өтінім қабылдауды жариялайды.


Академиялық ұтқырлық бағдарламалары студенттерге шетелдік серіктес университеттерде оқу мүмкіндігін, академиялық білімін кеңейтуді және халықаралық білім беру ортасында тәжірибе жинауды ұсынады.


Бағдарлама студенттерге не береді:
• шетелдік университетте бір семестр оқу мүмкіндігі;
• өз саласында жаңа білім мен тәжірибелік машықтар;
• шет тілдерін жетілдіру және басқа мәдениетке бейімделу;
• таныстық пен болашақ мүмкіндіктерін кеңейту.


Таңдау критерийлері:
• ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (IELTS, TOEFL немесе баламалары, университет сертификаты);
• жоғары академиялық көрсеткіш — GPA 3.0-ден төмен емес.


Қолжетімді елдер мен серіктес университеттердің тізімі IITU ресми сайтындағыIITU International бөлімінде жарияланған.


Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыз:
801 кабинет

Версия сайта для слабовидящих