2025 жылғы 8–11 сәуір аралығында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (ХАТУ) бірқатар білім беру бағдарламаларын халықаралық бағдарламалық аккредиттеу және қайта аккредиттеу рәсімі өтуде. Аталған үдерісті Германияның ASIIN халықаралық агенттігі жүзеге асыруда.
Бағдарламаларды бағалау үшін университетке академиялық қауымдастық өкілдерінен, жұмыс берушілерден және жоғары білім беру саласындағы халықаралық сарапшылардан құралған сараптамалық комиссия келді.
Бағдарламалық аккредиттеуден өту – университет дамуы жолындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл білім сапасын арттыруға, университеттің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және ХАТУ дипломдарының халықаралық деңгейде мойындалуына бағытталған.