Ғылым күні және С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің 95 жылдық мерейтойы аясында
«Болашақ медицинасы: теориядан практикаға» тақырыбында студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Аталған конференцияда АО «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» (ХАТУ) ақпараттық жүйелер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, техника ғылымдарының кандидаты Валентин Андреевич Малых қазылар алқасының төрағасы ретінде сөз сөйледі.
Оның бұл шараға қатысуы ХАТУ мен ҚазҰМУ арасындағы университетаралық ынтымақтастықты нығайту аясында мүмкін болды.
Бүгінде медицина мен техникалық ғылымдардың күшін біріктіру – денсаулық сақтау саласындағы жаңа шешімдерді іздеудің аса маңызды шарты. Осы бағытта екі университеттің зерттеушілері медицинадағы цифрландыру мен инновацияларға бағытталған пәнаралық жобалар бойынша тығыз жұмыс жүргізіп келеді.