Қазақтың Қанышына - 125 жыл!
19.02.2025

IITU Тілдер кафедрасы мен кітапханасы Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының негізін қалаушы, алғашқы президенті, көрнекті геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді.


Шара барысында студенттер ұлы ғалымның өмірі мен ғылыми жетістіктері туралы қызықты мәліметтермен танысты. Спикерлер ретінде:

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың тарихи музейінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі – Аспандияр Өмірбеков, оның әріптестері Шынар Оқашева мен Қынагүл Ілесова сөз сөйледі.


Студенттер домбырада әндер мен күйлер орындап, өз авторлық өлеңдерін оқып, викторинаға қатысты.

Іс-шара соңында белсенді қатысушылар мен құрметті қонақтарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.


Осындай кездесулер – ел тарихын терең түсініп, ұлы тұлғалардан үлгі алуға мүмкіндік береді!


WhatsApp Image 2025-02-21 at 17.24.43.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-21 at 17.24.44.jpeg

WhatsApp Image 2025-02-21 at 17.25.31.jpeg

Версия сайта для слабовидящих