ХАТУ - ALMA CUP 2024 чемпионы!
29.04.2024

2024 жылғы 27-28 сәуірде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен “ALMA CUP 2024” жобасы аясында жоғары оқу орындары мен колледждер арасында баскетболдан турнир өтті.


ALMA CUP - бұл шағын футбол, баскетбол, волейбол және киберспорт сияқты командалық ойындарды қамтитын ауқымды спорттық турнир.


Баскетбол турниріне 16 команда қатысты, нәтижесінде біздің университет ҚазХҚжӘТУ, ҚазБСҚА, Тұран және ҚазСТА сияқты университеттерді жеңіп, 1-ші орынға ие болды.


Баскетболшыларымызды табыспен құттықтаймыз және турнирлерде одан әрі жеңістер тілейміз!

Версия сайта для слабовидящих