2 наурыз күні ХАТУ шахмат командасы "Гранд-турнир KIMEP 2025" республикалық шахмат турнирінде 1-орын иеленіп, 24 команда арасынан үздік шықты!
Қорытынды рейтингте біздің команда Alma University, Suleiman Demirel University, KIMEP, Satbayev University, ҚБТУ, Туран университеті, Narxoz University және басқа да мықты қарсыластардан озып шықты.
Чемпиондарымызды лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Бұл – қажырлы еңбектің, интеллектуалды шеберліктің және командалық рухтың жемісі.
ХАТУ – жаңа белестерге қарай!
