ХАТУ Оңтүстік Кореядағы Халықаралық Бағдарламада!
2024 жылғы 24 маусым мен 3 шілде аралығында Инха университетінде (Инчхон, Оңтүстік Корея) “International Training Program for Smart Governance and Policy Capacity Building” өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты – ақылды басқару саласындағы озық тәжірибелерді тарату, әлеуетті арттыру және Оңтүстік Кореяның мемлекеттік басқару және саясат саласындағы зерттеулерін дамыту.
Бағдарламаға қатысушылар:
Қазақстан, Моңғолия және Индонезиядан келген мемлекеттік органдар мен университет өкілдері. Бағдарламаға ХАТУ делегациясы және Алматы қаласының Әкімдігі өкілдері қатысты.
Бұл бағдарлама Қазақстаннан келген қатысушылар үшін халықаралық байланыстар орнатып, мемлекеттік басқару және саясат саласында құнды тәжірибе алу үшін керемет мүмкіндік болды.