ХАТУ мен Қазақстан Ядролық Университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
17.04.2025

«Қазақстан Ядролық Университеті» («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК” АҚ) директор – ректоры Жикеев Азамат пен ХАТУ Басқарма төрағасы - Ректоры Исахов Асылбек ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


Бұл құжат екі тараптың білім беру және ғылыми бағыттағы әріптестігін жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Ынтымақтастық 2 жыл бұрын ХАТУ-дың Цифрлық бизнес мектебі негізінде басталып, осы уақытта Executive MBA «HR General» және жасанды интеллект бойынша курстар табысты іске асырылды. 2025 жылы Казатомпромның 30 қызметкері үшін Global Executive MBA бағдарламасы басталды. Бағдарлама аясында Оңтүстік Кореядағы LG және Samsung компанияларына бару жоспарланған.


Меморандум – ХАТУ-дың цифрлық білім беру мен басқару саласындағы беделін растайды. Алда бірлескен жобалар мен халықаралық тәжірибе алмасу жалғасады. Серіктестерімізге алғыс білдіріп, табысты ынтымақтастық ұзаққа жалғасады деп сенеміз.


_TA_9882.jpg

Версия сайта для слабовидящих