2023 жылғы 2 қарашада ХАТУ мен "МұнайТас" СБҚК компаниясының ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум шеңберінде тараптардың студенттердің өндірістік практикасын өткізу, бірлескен семинарларды, мастер-класстарды, тренингтерді, бос орындар жәрмеңкелерін және ХАТУ студенттерін даярлаудың өзекті мәселелері бойынша өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастығы жоспарлануда.
"МұнайТас" СБҚК Компаниясының негізгі қызметі мұнайды магистральдық құбыр арқылы тасымалдау бойынша қызметтер көрсету болып табылады.
Мұнай - газ секторы үшін IT-мамандарды даярлау өте өзекті бағыт болып табылады, өйткені мұнай тасымалдауға IT-технологияларды енгізу құбырды дәл және жедел модельдеуге және барлық негізгі өлшемдерді қамтитын деректерді талдау нәтижесінде алынған деректерді ескере отырып, бүкіл құбыр жүйесінің жұмысын оңтайландыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.