Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (IITU) киберқауіпсіздікті жақсарту мақсатында жаңа Эразмус+ жобасын іске қосты.
10.10.2025

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті «Cyber4CA – Орталық Азиядағы киберқауіпсіздік білімін жетілдіру» халықаралық Эразмус+ жобасының елдік үйлестірушісі болып табылады.


Бельгия, Испания, Румыния, Италия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан университеттерімен бірлесе отырып, профессор Гүлнәр Закирова жетекшілік ететін ХАТУ командасы жобаны жүзеге асыруға кірісті. Орталық Азия аймағындағы киберқауіпсіздік білімін жетілдіру консорциум командасының басты мақсаты болып табылады.


8 қазанда онлайн режимінде өткен консорциумның бірінші отырысында қатысушылар жобаны жүзеге асыру жоспарын, негізгі міндеттер мен мақсаттарды, киберқауіпсіздік орталығын құруды талқылады.


Кездесу модераторы, Ташкент ақпараттық технологиялар университетінің спикері жобаның 2028 жылы аяқталуы күтілетін негізгі нәтижелермен таныстырды. Жоба үш жылға жоспарланған. ХАТУ профессорлық-оқытушылар құрамы Еуропалық Одақтағы және Орталық Азиядағы университеттердің әріптестерімен бірлесіп, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін киберқауіпсіздік бойынша жаңа оқу бағдарламасын әзірлеп, сынақтан өткізеді. Әзірлеу студенттерге белгілі бір салаларға қолдануға болатын пәнаралық киберқауіпсіздік модульдерін алуға мүмкіндік береді.

Версия сайта для слабовидящих