29 шілдеде ХАТУ базасында Сеул ұлттық университетінің Мемлекеттік басқару жоғары мектебімен ынтымақтастық аясында «Цифрлық трансформация арқылы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру: цифрлық саясат және сараптау дағдыларын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Профессор Ко мен SNU-дың басқа да өкілдерінің пікірі айрықша маңызды, өйткені Оңтүстік Корея Мемлекеттік секторды цифрландыру саласындағы жетекші елдердің бірі болып саналады. QS университеттерінің әлемдік рейтингінде (2024 жыл) SNU 31-ші орында, ал оның мемлекеттік басқару жоғары мектебі (SNU GSPA) QS World University Rankings by Subject әлемдік рейтингінде мемлекеттік басқару бағыты бойынша 26-шы орында. 2024 жылдың басындағы көрсеткіш бойынша SNU-дың 100-ден астам түлектері Корея Республикасының Үкіметінде жұмыс істейді, олардың ішінде: премьер-министр, Премьер-Министрдің орынбасары, 20 министр және 73 вице-министр бар.
«Бүгінде мемлекеттік қызмет қарқынды дамып келе жатқан технологиялар жағдайында жұмыс істеуге қажетті құзыреттерді қайта қарауды талап етеді. Цифрлық дағдылар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қасиеттерінің негізгі құрамдас бөлігіне айналды. Цифрлық құзыреттіліктің төмен деңгейі еліміздегі цифрлық процестердің дамуын қиындатады. Сараптамалық қауымдастық бұл мәселені шұғыл түрде шешуді талап етеді және қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін жаңа цифрлық дағдыларды игерудің маңыздылығын атап көрсетеді», — деп атап өтті ХАТУ ректоры А.К. Хикметов.
Сондай-ақ, іс-шараға Ұлттық статистика бюросының өкілі Мақсат Тұрлыбаев, Аврора Ала қоры мен Еуропалық университет өкілі Мария Шклярук, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының корпоративтік және қаржылық қызмет жөніндегі вице- ректоры Ұлан Әбділқаилұлы Бекіш, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Алия Қалқаманқызы Оспанова, Сеул ұлттық университетінің (SNU) өкілі профессор Килькон Ко қатысты.
Дөңгелек үстел қорытындылаумен және Мемлекеттік қызметке цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі одан арғы қадамдарды талқылаумен аяқталды. Профессор Килкон Ко-ға ХАТУ-дың Алғыс хаты тапсырылды. Қатысушылар практикалық ұсыныстар алды, сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаларды басқаруға цифрлық технологияларды енгізу стратегияларын талқылады.