2024 жылдың 13 сәуірінде Тілдер кафедрасы Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының тілдік емес мамандықтарында оқитын студенттер арасында ағылшын тілі бойынша университетаралық студенттік олимпиада өткізеді.
Олимпиада мақсаттары:
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыру;
- Академиялық белсенділікке ынталандыру;
- Кейстерді шешу және эссе жазу студенттердің аналитикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді; сыни тұрғыдан ойлау және стандарттан тыс шешімдерді іздестіру;
- Топтық рух пен ұжымдық жұмысты қалыптастыру;
- Үздік оқу жетістіктерін мадақтау.
Іс-шара қатысушылары - ХАТУ, ҚБТУ, АЭБУ, Қ.И. Сәтпаев атындағы университеті, Тұран жоғары оқу орындарының техникалық және тілдік емес мамандықтарының 1-2 курс студенттері:
Университетаралық олимпиаданың ұйымдастырушысы - ХАТУ, тілдер кафедрасы, ағылшын тілі секциясы. Олимпиаданың өтетін орны - Алматы қ., ХАТУ, Манас к-сі 34/1
Өткізу мерзімі мен кестесі:
Университетаралық Олимпиада 2024 жылғы 13 сәуірде бір кезеңде өтеді.
Басталу және аяқталу уақыты |
Aтауы |
---|---|
08:30-09:00 |
ХАТУ-да студенттерді тіркеу |
09:00-09:15 |
ХАТУ әкімшілігінің құттықтау сөзі |
09:15-09:30 |
Студенттерді отырғызу |
09:30-10:10 |
Бірінші кезең-эссе жазу |
10:10-11:00 |
Жазбаша бөлімнің қорытындысын шығару, Қатысушылар: кофе-брейк |
11:00-12:00 |
Екінші тур-командалық қойылымдар |
12:00-12:30 |
Қазылар алқасы: жүлдегерлер мен номинанттарды анықтау |
12:30-13:00 |
Қорытындылау, марапаттау, жабылу |
Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:
1. Олимпиадаға қатысу бетпе-бет өткізіледі және тек тілдік емес мамандықтардың 1 немесе 2 курс студенттері қатысады (әр университеттен 1-5 студент);
2. Қатысушылардың студенттік билеттері немесе жеке куәліктері болуы шарт;
3. Олимпиадаға ағылшын тілі - ана тілі болып саналатын студенттер мен тіл үйреніп жатқан елде 6 айдан астам уақыт тұрып келген студенттер жіберілмейді.
Олимпиаданы өткізу тәртібі
1. Олимпиада жұмыстарын бағалау олимпиаданың әдістемелік комиссиясы бекіткен бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Олимпиада келесі дағдыларды тексеруді қамтиды:
№ |
Дағдылар |
Тапсырма түрі |
Орындалу уақыты |
---|---|---|---|
1 |
Жазу |
Эссе (250 сөз) |
40 минут |
2 |
Кейс-стади |
Командамен кейстерді шешу |
60 минут |
3. Жазбаша бөлімнің қорытындысы бойынша әрбір университет бойынша жалпы командалық ұпайды қалыптастыру үшін ұпайлар есептеледі.
4. Ауызша бөлім командадағы кейстерді шешуден тұрады. Командаға кейсті дайындауға 10 минут уақыт беріледі. Кейстерді шешкеннен кейін командадағы студенттер өздерінің шығармашылық шешімдерін ұсынуы керек.
5. Жазбаша тапсырма мен кейстерді шешу нәтижелері бойынша көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
6. Олимпиада жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
7. Қоғамдық және этикалық тәртіп ережелерін, Олимпиада рәсімін бұзатын; олимпиада тапсырмаларын өз бетінше орындау үшін ақпараттық-медиалық құралдарды (ұялы телефондар, шпаргалкалар және т.б.) пайдаланған Олимпиада қатысушылары шеттетіледі және аудиториядан шығарылады.
Тіркеу тәртібі
Олимпиадаға қатысу үшін оқытушылар 2024 жылғы 13 сәуірге дейін студенттер атынан өтінім беруі керек. Өтінімде қатысушы туралы мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс: аты, тегі, оқу жылы, ЖОО-ның толық атауы, мамандығы, телефон нөмірлері, e-mail.
Байланыс:
Алматы қ., Абай даңғылы, 52в
Байзақ БО , 201/202 бөлме
Е-mail: s.kabdrgalinova@iitu.edu.kz, a.kenzhebekova@iitu.edu.kz
Телефондар: 8 707 444 3679, 8 707 711 5010
Өтінім үлгісі
№ |
Аты, тегі |
Университет |
Оқу жылы |
Мамандығы |
Тел номері |
E-mail мекенжайы |
Ағылшын тілі Олимпиадасына жауапты оқытушы/жетекші |
---|---|---|---|---|---|---|---|
1 |
. |
. |
. |
. |
. |
. |
. |
2 |
. |
. |
. |
. |
. |
. |
. |
3 |
. |
. |
. |
. |
. |
. |
. |
4 |
. |
. |
. |
. |
. |
. |
. |
5 |
. |
. |
. |
. |
. |
. |
. |