Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел
27.08.2025

2025 жылдың 27 тамызында, Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған 30 жылдық мерейтой қарсаңында, «Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің» кітапханасында «Медиакоммуникациялар және Қазақстан тарихы» кафедрасы «Экономика және бизнес» кафедрасымен және кітапханамен бірлесе отырып «Конституциялық теңдік кепілдіктері, қорғау құқығы және әділ сотқа қолжетімділік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.


Шараның модераторы, профессор Қасым Мауленов, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін екі Конституция - 1993 және 1995 жылдары қабылданғанын атап өтті. Бұл құжаттарда еліміздегі әділ сот жүйесінің негіздері бекітілген. Ол сондай-ақ, азаматтардың сот арқылы қорғану құқығы абсолютті әрі ажыратылмайтын құқық екенін, ал Конституцияның 13-бабында әрбір Қазақстан азаматының тәуелсіз әрі бейтарап сотта өз ісінің әділ әрі ашық қаралуына тең құқылы екені көрсетілгенін айтты.


Профессор Дулатбек Қыдырбекұлы өз сөзінде мемлекеттік билікті жүзеге асырудың өзекті мәселелеріне тоқталды. Ол мықты президент пен ықпалды парламенттің рөліне назар аударып, Конституцияға сәйкес билік тармақтарының нақты бөлінгенін атап өтті.


Профессор Сакен Мұқан еліміздің мұнай-газ саласындағы ұлттық мүдделерді қорғау мен ресурстарды болашақ ұрпаққа әділ бөлудің маңыздылығына тоқталды. Конституцияда жер қойнауы халыққа тиесілі екені жазылғанын айта отырып, соңғы жылдан бастап кәмелетке толмаған балаларға Ұлттық қордан төлемдердің жүргізілуі - мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауының айқын дәлелі екенін жеткізді.


Доцент Ольга Несипбаева жастардың қоғамдағы ерекше орнына назар аударды. Конституция әрбір жас қазақстандыққа білім алу, ой еркіндігі, қоғамдық және саяси өмірге қатысу құқықтарын қамтамасыз етеді. Профессор ассистенті Назкен Абдыкаимова түрлі елдер мен тарихи кезеңдерде Конституцияның пайда болу тарихымен таныстырды.


«Медиакоммуникациялар және Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, профессор Ниязгулова Айгүл және кітапхана меңгерушісі Сәрсенбаева Жанна жастардың өмірінде Конституцияның ерекше маңызы барын атап өтті.


Дөңгелек үстел ҚР Негізгі заңының мән-маңызын талқылауға арналған алаң болып қана қоймай, студенттердің конституциялық құқықтарын сақтау мен азаматтық міндеттерін орындауда рухани-патриоттық сезімін арттырды.

Версия сайта для слабовидящих