«Ғылымдағы әйелдер: жаһандық перспективалар»
05.02.2024

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (бұдан әрі – ХАТУ, iitu.edu.kz) Сіздерді «Ғылымдағы әйелдер: жаһандық перспективалар» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырады. Осы жиын ғылымдағы Әйелдер мен Қыздардың Халықаралық Күніне орай ұйымдастырылады.


Басқосудың негізгі мақсаты – бұл тақырыпты жаһандық аспектіде дамыту үшін отандық және халықаралық әріптестермен бірге зерттеу және талдау.

Конференция 2024 жылдың 9 ақпанында ХАТУ, Қазақстан, Алматы қаласында өтеді. Басталуы: 13:00 (Алматы уақыты). Конференция тікелей эфирде де көрсетіледі.


Zoom Конференциясы:

https://us06web.zoom.us/j/87425697169?pwd=5ZQtYDgtiOllD8eEQ2boPzzWXlaUTW.1

Конференцияның идентификаторы: 874 2569 7169

Кіру коды: 870847


Ұйымдастыру комитеті жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын, ғалымдарды, докторанттарды, студенттерді конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияда көтерілетін тақырыптар:

  • Ғылымдағы әйелдердің мүмкіндіктерін дамытуға ықпал ететін іс-шаралар.
  • Ғылымдағы әйелдердің көшбасшылық, тәлімгерлік және оқу мүмкіндіктерін қолдайтын мекемелер мен ұйымдарды зерттеу.
  • Орталық Азия аймағында да, халықаралық деңгейде де STEM платформасымен ынтымақтастық.
  • Қоғамға, ғылым мен техникаға көрнекті үлес қосқан әйелдерді зерттеу контекстіндегі гендерлік зерттеулердің тарихы.
  • Қоғаммен байланыс, ғылым және мәдениет саласында әйелдер қызметін жүзеге асыру жолдары.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 701 748 84 97 a.doskozhanova@iitu.edu.kz ұйымдастырушы Айжан Досқожановаға хабарласыңыз.

Конференция спикерлері
Ділбарханова Жанат Рахымжанқызы
Ғылыми жұмыс, жоба қызметі және халықаралық ынтымақтастық бойынша М. Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы Академиясының орынбасары, Заң ғылымдарының докторы, профессор, полиция полковнигі
Алиева Тамара Мұратқызы
Медицина ғылымдарының докторы, акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі Халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты, Алматы қаласы
Жұмабекова Салтанат Оразханқызы
Техника ғылымдарының кандидаты, «ДостарБетонИнвест» ЖШС бас директоры, Алматы қаласы
Алтынбекова Элина Қырымқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің PhD докторанты, «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық зертханасы, конструктор-реставраторы.
Шрайбер Ирина
Томск мемлекеттік университетінің жетекші ғылыми қызметкері, оқытушысы, CERN (Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы) жанындағы ТМУ физиктер тобының жетекшісі
Әліпова Бақыт Нұрашқызы
Физика-математика ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, ХАТУ доценті, Кентукки университетінің машина жасау кафедрасының доценті, АҚШ
Версия сайта для слабовидящих