IITU докторанты Дана Цой ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектен пәтер сертификатын алды
25.10.2025

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау және Республика күніне орай ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 16 жас ғалымға пәтер сертификаттарын салтанатты түрде табыстады. Марапатталғандардың арасында Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (IITU) докторанты Дана Цой бар.


Өз сөзінде министр елімізде ғылым мен жоғары білімді дамыту мемлекеттің басым бағыттарының бірі екенін және жас зерттеушілер үшін қолайлы әлеуметтік жағдай жасау талантты жастарды қолдаудың маңызды тетігі болып табылатынын атап өтті.


«Отандық ғылымның дамуына серпін беріп жүрген көрнекті тұлғалардың еңбегі лайықты бағаланып, олардың жетістігі жас буынға өнеге, ел абыройының айғағына айналды», – деді Саясат Нұрбек.


Дана Цой сынды дарынды докторанттардың жетістіктері IITU-дың жоғары дайындық деңгейі мен ғылыми әлеуетін көрсетеді. Университет басшылығы жас зерттеушілерді кәсіби және жеке өсуіне жағдай жасап, ғылыми жобаларға, гранттарға және халықаралық бастамаларға белсенді түрде тартып қолдайды.


WhatsApp Image 2025-10-30 at 12.55.38.jpeg

WhatsApp Image 2025-10-30 at 12.55.38 (1).jpeg

WhatsApp Image 2025-10-30 at 12.55.39.jpeg

Версия сайта для слабовидящих