IITU-дағы Қазақстан халқының тілдері күні
05.09.2025

5 қыркүйек күні бас ғимараттың акт залында Тілдер кафедрасы Қазақстан халқының тілдері күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді.


Бағдарлама барысында:

  • «Әуенді тап» ұлттық ән-күйге арналған викторинасы өтті.
  • «Сөйлемнен тілді тап» викторинасы ұйымдастырылды.
  • Қазақстан халқының тілдері туралы деректі фильмнің үзіндісі көрсетілді.

Мерекелік шара ұлттық колоритке толы болды: көптеген қатысушылар дәстүрлі киімдер мен әшекейлер киіп келді. Студенттер викториналарға белсене қатысып, әуендер мен тілдерді қызығушылықпен тапты, сондай-ақ әр түрлі халықтардың бай тарихы мен дәстүрлері туралы көбірек мағлұмат алды. Бұл іс-шара тек танымдық қана емес, сонымен бірге біріктіруші сипатқа ие болып, қатысушыларға елдің тілдік және мәдени мұрасының құндылығын тағы да сезінуге мүмкіндік берді.


Версия сайта для слабовидящих