Іс-шара университетте «Батылдық күні»республикалық әскери-патриоттық акциясы аясында өтті. Жоғары оқу орнының әскери кафедрасының тыңдаушылары арнайы бөлімшелердің ардагерлерімен, ҚР Ұлттық ұланының және ҚКДесанттық-шабуылдау бригадасының офицерлерімен кездесті, сондай-ақ «Бүркіт» жаңа кинофильмін тамашалады.
Кездесу қонақтары мен қатысушыларын қарсы ала отырып, тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Дәурен Дүйсебаев мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының мызғымас қағидаттары болып табылатынын атап өтті. Резерв мамандарын даярлауды жүзеге асыратын университеттің әскери кафедрасы елдің қорғаныс қабілетін нығайту ісіне өз үлесін қосуда.
«Қазақстан Қарулы күштерінің ардагерлерімен және офицерлерімен бірге біз «Батылдық күнін»өткізудеміз. Бүгінгі кездесу қонақтарына, сондай-ақ шығармашылық топ пен «Бүркіт» фильмін түсірушілерге алғыс айтамыз. Бұл кинокартинаҰлттық ұланның арнайы бөлімшелері туралы, фильмнақты оқиғаларға негізделіп түсірілген, сонысыменбұл әсіресе құнды», - деп атап өтті проректор.
Кездесуде фильмнің продюсері запастағы полковник Камал Жақсылықов сөз сөйледі. Айта кетерлік жайт, ол арнайы күштердің ардагері, «Айбын» орденінің кавалері, крап беретінің иегері, бұрын Алматы қаласының «Бүркіт» арнайы жасағынбасқарған.
Кино көрсетілімін аша отырып, ол фильмнің түсірілу тарихын, картинаның сюжеті, актерлік құрамды күрделі түсірілімге дайындау және оған ҚР Ұлттық ұланының арнайы бөлімшелері өкілдерінің қатысуы туралы айтып берді.
2023 жылдың соңында үлкен экранға шыққан бұлкөркем фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген. Көптеген көріністер жедел-іздестіру қызметі мен құқық қорғау органдарының арнайы операцияларының нақты оқиғаларына негізделген. Отандық боевикте нағыз әскери бауырластық, «Бүркіт» Ұлттық ұланының арнайы бөлімшесінің әскери борышын орындау кезіндегі жанқиярлық әрекеттері, кейде адам мүмкіндіктерінің шегінде крап беретін алып жүру құқығына сынақтардан өтумысалдары көрсетілген.
«Әрбір қазақстандық жауапты және құрметті миссияға – өз елін қорғауға дайын болуы тиіс. Бұл азаматтың қасиетті парызы ғана емес, сонымен бірге Отанымызды қорғаған ата-бабаларымыз, әкелеріміз бен аталарымызға деген үлкен құрмет! Фильм еліміздің заңы мен қауіпсіздігін қорғаушыларға, олардың жауынгерлік еңбегіне арналған», - деп атап өтті Камал Жақсылықов.
Көрсетілімнен кейін кино түсірушілер ризашылық белгісі ретінде өздерінің эмоциялары мен алған әсерлерімен бөліскен студенттердің қошаметіне бөленді.
Кездесу барысында Десанттық-шабуылдау бригадасының офицерлері мен Ұлттық ұланның өкілдері студенттерге ҚР Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда келісімшарт бойынша қызмет көрсету шарттары туралы айтып берді. Олар студенттерді әскери қызметшілердің әлеуметтік пакетімен, ақшалай жәрдемақы мөлшерімен және басқа да тиісті төлемдермен, сондай-ақ әскерге шақыруға үміткерлерге қойылатын талаптармен таныстырды.
«Қарулы Күштердің ардагерлері мен офицерлерінің жастармен өздерінің жауынгерлік және өмірлік тәжірибелерімен бөлісуге ұмтылатыны, өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеуге белсенді қатысатыны қуантады. «Батылдық күні»студенттердің есінде ұзақ қалатынына сенімдімін, ал кейбіреулері үшін бұл әскери мамандық таңдаудың бастапқы нүктесі болмақ»,-деп атап өтті ХАТУ әскери кафедрасының меңгерушісі Евгений Строков.
Шара соңында қатысушылар қонақтармен біргефотосуретке түсіп, оларға университеттің естеліксыйлықтарын табыс етті.