IITU делегациясы Берлинде өткен IPMA-ның 34-ші халықаралық конгресіне қатысты
22.09.2025

IITU делегациясы құрамында ҒЗЖ жөніндегі проректор Колесникова К.В., қаржы директоры Алпысбаев К.С., «Бизнес, медиа және менеджмент» факультетінің деканы Мұхамедиева А.Г., экономика және бизнес кафедрасының меңгерушісі Шильдибеков Е.Ж. бар, 2025 жылғы 17–19 қыркүйек аралығында Берлинде өткен IPMA-ның 34-ші халықаралық конгресіне қатысты. Биылғы іс-шара Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығының 60 жылдығына арналды.


Конгреске қатысушылар «Цифрландыру», «Көшбасшылық», «Инновациялар», «Қазіргі PMO-ның рөлі» тақырыптарында 50-ден астам баяндама жасады. Үш күн бойы жеті алаңда жобаларды басқарудың болашағын айқындайтын негізгі трендтер талқыланды: тұрақты даму, жасанды интеллект құралдары, түрлі әдіснамалардың синергиясы арқылы жобаларды сәтті басқару. Қатысушылардың баяндамалары, мамандардың презентациялары, практикалық мысалдар, кейстер мен ғылыми постерлер жобаларды басқарудың жаһандық сын-қатерлерді еңсерудегі маңызды рөлін ашып көрсетті.


IITU делегациясының IPMA конгресіне сапары жаңа халықаралық кәсіби байланыстар орнатуға, білім беру процесі мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға арналған практикалық білім алуға, сондай-ақ ғаламдық трансформация жағдайында жұмыс істей алатын мамандарды даярлау бағдарламаларын дамытуға шабыт берді.


Алдағы кезеңде – алынған тәжірибені игеру, жаңа идеяларды IITU-дің білім беру және басқару процестеріне енгізу, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамыту және жобаларды басқару саласында жаңа бастамаларды іске қосу күтілуде.


WhatsApp Image 2025-09-23 at 10.47.49.jpeg

WhatsApp Image 2025-09-23 at 10.47.48.jpeg

Версия сайта для слабовидящих