IITU-де IITU Student Debate Cup I өтті
21.09.2025

Жаңа оқу жылындағы алғашқы пікірсайыс турнирі – IITU Student Debate Cup I Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде бірінші курс студенттері арасында ұйымдастырылды.


Алғашқы курс студенттері үш іріктеу раундын артқа тастап, өздерінің аргументация, сыни ойлау және шешендік қабілеттерін көрсетті. Финалда қатысушылар өзекті тақырыптар төңірегінде пікірталас жүргізіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу шеберлігін және өз көзқарасын қорғау қабілетін дәлелдеді.


IITU Student Debate Cup I – бірінші курс студенттері үшін маңызды оқиғаға айналып, олардың дебат барысында көшбасшылық және ораторлық қабілеттерін танытуына мүмкіндік берді.


Турнир қорытындылары:
🥇 Чемпиондар – «OBAMA» командасы
Бериков Даниал, Жандарбек Шадияр

🥈 Күміс жүлдегерлер – «Алаш Партия» командасы
Ирбаев Асылбек, Мурзатова Айша

🥉 Қола жүлдегерлер – «Axis» командасы
Мекемтас Ақниет, Сабырбаев Алишер

🏅 Финалдық төрттік – «Femida» командасы
Құралбек Томирис, Тургали Тамирлан

✨ Арнайы номинация – «Үздік спикер»
Құралбек Томирис

Версия сайта для слабовидящих