Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған салтанатты концерт өтті.
Іс-шара Мемлекеттік Туды салтанатты түрде енгізіп, Әнұранды орындаудан басталды. Бұл әсерлі сәт 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның тарихи маңызын еске салып, мерекенің ұлылығы мен мәнін айқындады.
Құттықтау сөздерімен Академиялық қызмет жөніндегі проректор Аққыз Мұстафина және Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Кеңесбай сөз сөйледі. Өз сөздерінде олар ұлттық құндылықтарды сақтау мен қазіргі Қазақстан жастарының белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара барысында университеттің қоғамдық өміріне зор үлес қосқан белсенді студенттерді марапаттау рәсімі өтті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының алғыс хаттарымен студенттік ұйымдар мен клубтардың, шығармашылық ұжымдар мен еріктілер қозғалыстарының белсенді қатысушылары марапатталды.
Концерттің шығармашылық бағдарламасы мерекенің шынайы көркіне айналды. Қазақ халық аспаптары ансамблі «Қазына» орындауында әйгілі «Ыңғай төк», «Әлқиса» және қазақ халқының рухы мен күшін бейнелейтін аңызға айналған «Адай» күйлері орындалды.
Көрермендерге ерекше әсер қалдырған жарқын өнер көрсетілімдерін «Shadows» би тобы, вокалистер Сая Тұрсынбекова, Мадина Мырзаханқызы, Болатқан Мадияр, Мария Омарова, сондай-ақ вокалды-аспаптық ансамбль «AUEN» ұсынды. Олар Отанға, сүйіспеншілік пен бірлікке арналған әндерді орындады.
Көрермендердің назарын ерекше аударған бейнеролик ұлы ақын Абайдың 180 жылдығына және «Абай еліне саяхат» жобасына арналды. Жоба аясында IITU студенттері Семей қаласына барып, өңірдің мәдени-тарихи мұрасымен танысты.
Салтанатты концерттің соңында «Қазақстаным алға» әні шырқалып, сахнаға барлық қатысушылар көтерілді.




