IITU-да жатақханада тұратын және шетелдік студенттермен кездесу өтті
16.09.2025

2025 жылдың 16 қыркүйегінде университеттің бас ғимаратында жатақханада тұратын студенттермен, сондай-ақ шетелдік білім алушылармен ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерге маңызды ақпарат беру, сұрақтарына жауап беру және мамандардан кеңес алу мүмкіндігін қамтамасыз ету болды.


Кездесуге Тәрбие және әлеуметтік жұмыс департаментінің өкілдері, тәжірибелі психологтар, медицина қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік инспектор қатысты. Студенттер ашық форматта өзекті мәселелерді талқылап, белсенді түрде сұрақтар қойып, мамандардан толыққанды жауаптар мен пайдалы кеңестер алды.

Версия сайта для слабовидящих