2025 жылдың 21 қазан күні Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (IITU) ұлттық мереке — Республика күніне арналған салтанатты концерт өтеді.
Мерекелік шара сағат 11:00-де университеттің акт залында басталады.
Осы күні IITU студенттері мен шығармашылық ұжымдары музыка мен би өнерін ұштастыра отырып, бірлік пен шабытқа толы мерекелік атмосфера сыйлайды.
Іс-шараның мақсаты — патриоттық рухты, ел тарихы мен мәдени құндылықтарына деген құрметті қалыптастыру, жастардың шығармашылық белсенділігін қолдау.