IITU Халықаралық кітап сыйлау күнін атап өтті
14.02.2025

Халықаралық кітап сыйлау күніне орай университетімізде маңызды оқиға өтті. "Uly Mura" студенттік ұйымының бастамасымен, кітапхана мен "International Students Club" қолдауымен жаңа BookCrossing аймақтары ашылып, кітап сүйер қауымға тамаша мүмкіндік жасалды!


Ресми ашылу барысында Басқарма төрағасы – Ректор Асылбек Исахов баршаңызды Халықаралық кітап сыйлау күнімен құттықтап, кітап оқудың тұлға қалыптастырудағы, ой-өрісті дамытудағы және рухани өсудегі маңыздылығын атап өтті. Өз сөзінде ол кітап оқу – өзін-өзі дамытудың ең басты құралдарының бірі екенін ерекше атап өтіп, студенттердің бастамасын қолдап, алғашқылардың бірі болып жаңа кітап сөресін әртүрлі тілдегі басылымдармен толықтырды.


Студенттер мен оқытушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп, жаңа шығармаларды тауып, ерекше әсер алды. BookCrossing – қағаз кітаптармен алмасу арқылы жаңа білім мен оқу мәдениетіне жақындаудың керемет мүмкіндігі.


📍 Егер сіз де өзіңіздің кітабыңызды қалдырып, ұнаған шығармаңызды алғыңыз келсе, университет кітапханасындағы (5-қабат) немесе Book Café-дегі (1-қабат) BookCrossing бұрыштарына келіп, QR-кодты сканерлеу арқылы қатыса аласыз.


IMG_0301.JPG

IMG_0361.JPG

IMG_0365.JPG

Версия сайта для слабовидящих