«ХАТУ» АҚ-да пластик бөтелкелерін қабылдайтын фандомат орнатылды
04.06.2025

«ХАТУ» АҚ-да пластик бөтелкелерді қабылдауға арналған фандомат орнатылды. Бұл бастама Eco Network компаниясымен серіктестік аясында жүзеге асырылды. Компания қайта өңделетін қалдықтарды жинауға арналған жабдықты ұсынды.


Фандомат Байзак корпусында, бірінші қабатта орналасқан және университеттің барлық студенттері мен қызметкерлеріне қолжетімді. Әр тапсырылған бөтелке үшін пайдаланушылар Eco Network мобильді қосымшасы арқылы бонус баллдар алады. Бұл экологиялық жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.


Бұл бастама БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келеді:

  • ТДМ 12 — Жауапты тұтыну және өндіру
  • ТДМ 13 — Климаттың өзгеруіне қарсы әрекет
  • ТДМ 14 — Мұхит экожүйелерін сақтау
  • ТДМ 15 — Құрлық экожүйелерін сақтау
  • ТДМ 17 — Тұрақты даму мақсатында әріптестік

Жоба университеттің тұрақты даму принциптерін оқу үдерісіне және кампус өміріне енгізу жолындағы маңызды қадам болды. «ХАТУ» АҚ экологияны қолдайтын серіктестермен жаңа жобаларды іске асыруға әрдайым дайын.

Версия сайта для слабовидящих