4 сәуір күні ХАТУ-да Санкт-Петербургтегі Еуропалық университеттің ғылым және технологияларды зерттеу орталығының жетекшісі Ольга Бычкованың ашық дәрісі өтті!
Дәріс тақырыбы: «Ғылыми зертхана мен алгоритмнің ішінде: әлеуметтік ғылымдар неге жаратылыстанушыларды, инженерлерді және бағдарламашыларды зерттейді?»
Дәріске қатысқан студенттер ғылыми білім мен технологияның қалай жасалатынын білді. Сондай-ақ, дәрісте әлеуметтік ғылымдардың пәнаралық саласы - Science and Technology Studies (STS) қарастырылды.
Профессор конференцияға қатысушылармен бірге ғылыми теориялар мен инженерлік әзірлемелердің қалай пайда болатынын талқылады.