8-ші қаңтар күні ХАТУ Басқама төрағасы – Ректорының баскетбол, футзал, волейбол, шахмат және тоғызқұмалақ бойынша командаларының жаттықтырушыларымен кездесуі өтті. 2024-2025 оқу жылының күзгі семестріндегі атқарылған жұмыстар туралы есеп берілуімен, міне, бізде қандай керемет нәтижелер бар:
- ХАТУ баскетбол командасы Champion Cup 2024 кубогының чемпионы атанды!
- Футзал командасы 2024 жылғы Алматы қаласының студенттер арасында өткен футзал кубогында вице-чемпион (2 орын) болды!
- Шахмат командасы ҚБТУ кубогында 2024 жылы 3 орынға ие болды!
- ХАТУ студенттері тоғызқұмалақтан қала чемпионатында жеке есепте жүлдегер атанды!
- Волейбол командалары (ерлер мен әйелдер) қала чемпионатында жартылай финалға шықты!
Кездесу барысында сондай-ақ ХАТУ-да студенттік спортты дамыту келешегі, оның ішінде инфрақұрылымды жақсарту және талантты спортшыларды қолдау мәселелері талқыланды.
Барлық спортшыларымыз бен олардың бапкерлерін осы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің ерен еңбектеріңіз бізге жаңа белестерге жетуге үлкен шабыт сыйлады.
