2025 жылғы 19–30 мамыр аралығында «ХАТУ» АҚ базасында орнықты даму және экологиялық мәдениетті қолдау бастамасы аясында макулатура жинау бойынша экологиялық акция өткізілді.
Қабылдау пункті университеттің бас ғимаратының 1-қабатында ұйымдастырылды. Екі апта бойы студенттер, оқытушылар және қызметкерлер ескі газеттерді, журналдарды, пайдаланылған қағаздарды, қаралмалар мен есептен шығарылған құжаттарды белсенді түрде жинап тапсырды. Қатысушылар макулатураны өткізу алдында пластикалық мұқабалар, қыстырғыштар және басқа бөгде заттарды алдын ала алып тастап, дұрыс өңделуін қамтамасыз етті.
Іс-шара табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау мен орнықты тұтыну қағидаттарын насихаттауға бағытталған.