1 сәуір күні Қазақстандағы Америка Сауда палатасының атқарушы директоры Джефф Эрлих мырза мен ХАТУ Ректоры Асылбек Исаховтың кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар білім беру, ғылым және инновация салаларындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттарын, сондай-ақ халықаралық бизнестің IT саласындағы академиялық және зерттеу жобаларын дамытуға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Джефф Эрлих – халықаралық іскерлік және қоғамдық салада мол тәжірибесі бар маман. Ол 1998 жылдан бастап Қазақстанмен тығыз байланыс орнатып, бизнес, мемлекеттік құрылымдар мен білім беру ұйымдары арасындағы серіктестікті дамытуға белсенді түрде атсалысып келеді.
Бұл кездесу ХАТУ мен іскерлік қауымдастық арасындағы өзара әрекеттестікті кеңейту жолындағы маңызды қадам болды. Біз алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастық пен бірлескен бастамалардың сәтті жүзеге асуына үміттенеміз.

