Beijing Weco және Бейжіңнің жетекші университеттері делегациясымен кездесу
22.10.2025

2025 жылғы 22 қазан Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (ХАТУ) Beijing Weco (ҚХР) делегациясымен кездесу өтті.

Іс-шара Beijing Municipal Education Commission және Beijing International Education Exchange Center қолдауымен ұйымдастырылды.

Делегация құрамында Бейжіңнің тоғыз жетекші университетінің өкілдері болды, олардың қатарында:

Renmin University of China,

China Agricultural University,

Beijing Jiaotong University,

Beijing Forestry University,

Beijing Foreign Studies University,

Central University of Finance and Economics,

China University of Geosciences (Beijing),

Beihang University және Beijing College of Finance and Commerce.

Кездесу барысында тараптар студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ ақпараттық технологиялар, цифрландыру және инновациялар салаларында бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске қосу перспективаларын талқылады. Бұл кездесу ХАТУ мен Қытайдың жетекші жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік қатынастарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

DSC06341.JPG

DSC06332.JPG

Версия сайта для слабовидящих