Қаржылық қауіпсіздік бойынша студенттермен кездесу
09.10.2025

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде (IITU) жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Сандық кеңістіктегі қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында кездесу өтті.


Іс-шараға Антифрод орталығының, қаржы ұйымдарының, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, сондай-ақ Алматы қаласы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері қатысты.


Кездесу барысында спикерлер онлайн-банкингті қауіпсіз пайдалану ережелері, қаржылық алаяқтық түрлері мен олардан қорғану тәсілдері туралы пайдалы ақпаратпен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар қатысушыларға цифрлық және қаржылық қауіпсіздік тақырыбын ашатын бейнероликтер көрсетілді.

Версия сайта для слабовидящих