Save Tuba білім беру қосымшасын әзірлеу аясындағы кездесу
26.05.2025

2025 жылғы 26 мамырда «ХАТУ» АҚ-да Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) жұмысы шеңберінде LEHIGH университетінің (АҚШ) студенттерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында АҚШ пен Қазақстан студенттерінен құралған халықаралық команда Save Tuba атты бірлескен жобаның тұжырымдамасын таныстырды.


Save Tuba — бұл 2–5 сынып оқушыларына арналған, ойын арқылы экология мен орнықты даму тақырыптарын үйрететін мобильді білім беру қосымшасы. Қосымшада келесі тақырыптар қамтылады:

  • қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу,
  • су мен тағамды үнемдеу,
  • сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау,
  • және басқа да экологиялық мәселелер.

Жоба көптілділік қағидасына негізделген — қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді болады, бұл оны еліміздің әр өңіріндегі балалар үшін түсінікті әрі ыңғайлы етеді.


Сондай-ақ мұғалімдерге арналған арнайы интерфейс әзірленуде, ол арқылы оқушылардың оқу барысын бақылап, тапсырмаларды басқаруға болады.


Инициатива балалардың экологиялық әдеттерін ерте жастан қалыптастыруға бағытталған және орнықты даму саласындағы халықаралық академиялық әріптестіктің жарқын үлгісі болып табылады.

Версия сайта для слабовидящих