«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ әскери кафедрасы запастағы офицерлерді (ұлдар мен қыздарды) және запастағы сержанттарды (ұлдарды) даярлау бағдарламалары бойынша оқыту үшін студенттерді қабылдайды
01.02.2024
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ әскери кафедрасы запастағы офицерлерді (ұлдар мен қыздарды) және запастағы сержанттарды (ұлдарды) даярлау бағдарламалары бойынша оқыту үшін студенттерді қабылдайды


2024 жылғы 1 ақпаннан бастап Әскери кафедрада Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, 24 жастан аспаған және денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды ұлдар - студенттерден (1 және 2 курс) және 1 курс қыздар - студенттерден құжаттар қабылдау жүзеге асырылады.


Конкурстық іріктеуге қатысу үшін Сізге мына мекен-жайға келу қажет: Алматы қаласы, Абай көшесі, 52/Г («Байзақ» БО), 2 қабат, 229 кабинет, тел.: 244-51-05.

Құжаттарды қабылдау күндері: КҮН САЙЫН (сенбі, жексенбі - демалыс).

Жұмыс уақыты: 10.00-ден 16.00-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.


Әскери кафедрада оқудың толық курсын аяқтағаннан кейін, таңдалған оқу бағдарламасына сәйкес «запастағы лейтенант» немесе «запастағы сержант» әскери атағы беріледі

лого военка.jpg

Версия сайта для слабовидящих