«ХАТУ» АҚ және Kazakhstan Green Building Council (KazGBC) білім беру мен ғылыми зерттеулер саласында тұрақты даму, жасыл технологиялар және инновацияларды ілгерілету мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Бұл серіктестік – академиялық және ғылыми ортада тұрақты шешімдерді әзірлеу мен енгізу бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтуды көздейді, сондай-ақ экологиялық қағидаттарды білім беру процесіне біріктіруді мақсат етеді.
Меморандумға қол қою – білім мен ғылымды экологиялық жауапкершілік тұрғысында дамыту жолындағы маңызды қадам болып табылады.