«ХАТУ» АҚ пен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
18.04.2025

«ХАТУ» АҚ мен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат азаматтық қоғам институттарын дамытуға, цифрлық құзыреттерді ілгерілетуге және әлеуметтік маңызы бар бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған.


Меморандум аясында білім беру және азаматтық платформалар арасындағы серіктестікті нығайту, орнықты даму мақсаттарын оқу процесіне интеграциялау және жастарды осы үдерістерге белсенді қатыстыру көзделіп отыр. Сонымен қатар, азаматтық белсенділік пен инновациялар саласындағы жобалық қызметті дамыту жоспарлануда.


Тараптар білім беру, ғылыми-зерттеу, сараптамалық және ағартушылық қызмет салаларында орнықты дамуды қолдайтын бірлескен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.


Құжатқа қол қою академиялық қауымдастық пен азаматтық қоғам институттары арасында тиімді диалог орнатуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орнықты дамуына бағытталған бастамаларды дамытуға жасалған маңызды қадам болып табылады.

Версия сайта для слабовидящих