YOUTH DIGITAL FORUM 2024
10.01.2024

2024 жылдың 28 наурызында «YOUTH DIGITAL FORUM» (YDF-2024) тақырыбында V Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтетінін хабарлаймыз.

Конференция мақсаты

Жас буынның ғылыми әлеуетін арттыру. Конференция аясында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әртүрлі салаларда қолданудың жетістіктерін, жаңалықтарын және практикалық мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Қатысу шарттары

Конференцияға студенттер, магистранттар және докторанттар қатыса алады. Конференция қатысушыларына сертификаттар беріледі. Үздік баяндамалар дипломдармен марапатталады.

Конференцияға қатысу үшін 2024 жылдың 04 наурызына дейін келесі құжаттарды ұйымдастыру комитетіне жіберу керек (conference@iitu.edu.kz)

- конференцияға қатысуға өтініш;

- жариялауға арналған мақала (3-тен 5 бетке дейін);

- ұйымның мөрімен расталған ғылыми жетекшінің ұсыныс хаты (жеке құжат ретінде қоса беріледі).

Форма және құжаттар үлгісін конференцияның ресми сайтынан жүктеуге болады: https://ydf.iitu.edu.kz/

Материалдарды алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде авторға электрондық пошта арқылы материалдарды алғаны туралы хабарлама, 10 жұмыс күні ішінде оларды қарау нәтижелері туралы хабарлама жіберіледі.

Конференцияға қатысу үшін тіркеу жарнасы: Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері үшін - ақысыз; басқа жоғары оқу орындарының білім алушыларына – 4000 теңге. Төлем ұйымдастыру комитетінен мақаланы қабылданғаны туралы растау алғаннан кейін жүзеге асырылады.

Конференция секциялары:

I секция «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және білім инженериясы»

II секция «Киберқауіпсіздік»

III секция «Инфокоммуникациялық желілер»

IV секция «Интеллектуалды жүйелер»

V секция «Математикалық және компьютерлік модельдеу»

VI секция «Экономика және менеджменттегі цифрлық технологиялар»

VII секция «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы цифрлық технологиялар»

VIII секция «Тіл әлемі: теория, тәжірибе, инновациялар»

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Аты-жөні

Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Хикметов Аскар Кусупбекович

ХАТУ АҚ Басқарма төрағасы, Ректоры, ф.-м.ғ.к.

Дайнеко Евгения Александровна

ХАТУ АҚ ғылыми және халықаралық қызмет жөніндегі Проректор, PhD, қауымдастырылған профессор

Мустафина Аккыз Кураковна

Академиялық және тәрбие қызметі жөніндегі Проректор, т.ғ.к.

Дузбаев Нуржан Токкужаевич

Цифрландыру және инновациялар жөніндегі Проректор, PhD

Ипалакова Мадина Тулегеновна

Ғылыми-зерттеу қызметі департаментінің директоры, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Сейлова Нургуль Абадуллаевна

Компьютерлік технологиялар және киберқауіпсіздік факультетінің деканы, т.ғ.к.

Мухамедиева Ардак Габитовна

Цифрлық трансформация факультетінің деканы, э.ғ.к.

Кожамжарова Динара Ханатовна

"Ақпараттық жүйелер" кафедрасы меңгерушісінің м.а.

Аманжолова Сауле Токсановна

"Киберқауіпсіздік" кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к.

Чинибаева Толганай Темирболаткызы

"Компьютерлік инженерия" кафедрасының меңгерушісі, PhD

Ыдырыс Айжан Жумабаевна

"Математикалық және компьютерлік модельдеу" кафедрасының меңгерушісі, PhD

Омаров Галым Буркитбаевич

"Экономика және бизнес" кафедрасы меңгерушісінің м.а.

Ниязгулова Айгуль Аскарбековна

"Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы" кафедрасының меңгерушісі, Филол.ғ.к., доцент

Бахтиярова Елена Ажибековна

"Радиотехника, электроника және телекоммуникация" кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к.

Манапбаева Жаннура Жаркынбековна

Тілдер кафедрасының меңгерушісі, PhD

Маңызды күндер
  • Тіркеу | 2024 жылдың 4 наурызына дейін (мақалалар жіберу)
  • Конференцияның толық бағдарламасын сайтта жариялау | 4 наурызға дейін 2024
  • Конференция | 28 наурыз 2024

Тіркелу жарнасын төлеуге арналған деректемелер:

АО «Международный университет информационных технологий»

БИН: 090440001325

АО «Народный Банк Казахстана»

ИКК KZ926010131000124681

БИК HSBKKZKX: «YDF-2024 студенттер конференциясына қатысу үшін жарна» екендігін көрсету (ЖСН, қатысушының толық аты-жөні көрсетіледі).

Версия сайта для слабовидящих