Жылыту маусымының қарсаңында 1 қазан күні IITU университетінің комиссиясы Басқарма төрағасы-Ректор Асылбек Абдиашимовичтың бастамасымен негізгі корпус пен Байзақ ғимараттарын тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеріс барысында инженерлік коммуникациялар, соның ішінде шатырдың жағдайын тексеру ректордың жеке бақылауын қажет етті. Сонымен қатар, терезе рамалары мен жылудың сыртқа шығуы мүмкін саңылауларға ерекше көңіл бөлінді.
Инспекция қорытындысы бойынша Асылбек Абдиашимович барлық аудиторияларды оңтайлы температурда болуын қамтамасыз ету бойынша қосымша радиаторлармен жабдықтауды тапсырды. Сондай-ақ, Әкімшілік-шаруашылық департаментіне жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тиімді жүргізу туралы нақты тапсырмалар берілді.
Бұл істердің бәрі студенттерге қолайлы оқуға жағдай жасау үшін жасалып жатыр.