Екі күндік семинар: Agile және GenAI-ді игеру
08.10.2024

Құрметті магистранттар, докторанттар және оқытушылар құрамы!

Сіздерді Ғылыми кадрларды даярлау департаменті мен Рига техникалық университетімен бірлесіп ұйымдастырған екі күндік семинарға шақырамыз. Тренинг жасанды интеллект негізіндегі технологияларды Agile әдістемесіне енгізу және жобаларды басқарудың заманауи әдістеріне арналмақ.


Лектор: Гайдабрус Богдан (Рига, Латвия 🇱🇻)

Өтетін орны: Инновациялық орталық (Inno Center)


1 күн - 14 қазан 10:00-13:00:

"GenAI құралдарын пайдалана отырып, портфельді басқару технологияларын енгізу"

Талқылынатын мәселелер:

• Agile Release Train құру және бизнес операторларын анықтау

• Программаның инкременттік мақсаттарын және бизнес құндылығын қалыптастыру

• Программа деңгейіндегі бэклогты құру

• ROAM әдісі арқылы қауіп-қатерлерді басқару


2 күн - 15 қазан 10:00-13:00

"Scrum және Kanban әдістерімен танысу"

Талқылынатын мәселелер:

• Scrum командаларын құру

• Команда деңгейінде бэклог құру және қалыптастыру

• GenAI құралдарын қолданылатын Scrum рәсімдері


Өз біліміңіз бен дағдыларыңызды арттыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Версия сайта для слабовидящих