Құрметті студенттер! Маңызды хабарлама!
Жастар ісі жөніндегі комитеттің жаңа төрағасын сайлау 6 және 7 желтоқсан күндері Platonus платформасында өтетін болады. Бұл сайлау – университетіміздің жастар саясатының болашағына әсері сөзсіз! Сіздердің дауыстарыңыз аса маңызды!
29 қараша университетімізде кандидаттардың қызықты пікірталасы өткен болатын. Ал 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында белсенді сайлау науқаны жалғасады. Осы кезеңде кандидаттармен танысып, олардың идеялары мен жоспарлары туралы білуге, сондай-ақ өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндігіңіз бар!
Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалығына кандидаттар:
- Каиркен Даниал Қуандықұлы (2 курс)
- Нурмахан Арманжан (2 курс)
- Саметов Батырхан Қайратұлы (3 курс)
- Төлепберген Асхат Рахымұлы (3 курс)
Бұл талантты студенттердің қайсысы университетіміздің жастар саясатының көшбасшысы болатыны тек сіздердің қолдарыңызда!
Дебаттардың жазбасы университетіміздің YouTube арнасында және сілтеме арқылы қолжетімді https://www.youtube.com/live/yV1z6nGDlGg.