1 қазан күні IITU унивеситетінде жоғары оқу орындарының қызметкерлері күніне орай университетте он жылдан астам уақыт бойы еңбек еткен Әкімшілік-шаруашылық департаментінің қызметкерлерін мерекемен салтанатты түрде құттықтады.
Олардың сіңірген еңбегі үшін алғыс ретінде IITU өнімдері мен алғыс хаттар тапсырылды. Бұл сәт университеттің жұмысына күн сайын үлкен үлес қосып, қызметкерлер мен студенттер үшін жайлы орта қалыптастырушыларға деген құрмет пен қолдаудың айқын көрінісі болды.
Баршаңызды мерекемен құттықтаймыз!