ГРАНТ АЛУ ЖӘНЕ 2025 ЖАЗДА ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕСІН ӨТІҢІЗ!
17.10.2024

2-3 курс бакалавр студенттері мен 1 курс магистранттары, назар аударыңыздар!

Егер сен шетелдің жетекші университеттеріне PhD бағдарламасына түсуді армандасаң, онда 2025 жылдың жазында грант алып, ғылыми тәжірибеден өту мүмкіндігіңіз бар.


Бағдарлама әлемнің жетекші ғылыми зертханаларында тағылымдамадан өту үшін ұзақтығы 90 күнге дейінгі 10 грант ұсынады.

Қатысуға өтінімдер беру мерзімі:

2024 жылғы 7 қазаннан 12 қарашаға дейін. Өтінімдер қордың сайты арқылы қабылданады: yessenovfoundation.org.


Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры бакалавриат, магистратура, интернатура студенттеріне және қызметтегі ғылыми қызметкерлерге әлемнің жетекші зертханаларында жазғы ғылыми тағылымдамадан өту үшін 10 грант ұсыну байқауын жариялайды.


Бағдарлама тек жол жүру грантын ғана емес, сонымен қатар тоғылымдамаға дайындықты, бағытты таңдауды және т.б. қолдауди қамтиды.


Міндетті құжаттар:

- Жеке куәліктің скан көшірмесі;

-«Мен жүзеге асырғым келетін зерттеу» тақырыбына эссе. Эссе мына сұрақтарға жауаптарды қамтуы тиіс:

-Қандай зерттеу тәжірибеңіз бар?

-Жүзеге асырғыңыз келетін зерттеуді қалай елестетесіз және оның жүзеге асуы үшін не істеуге болады?

-Оқу семестрлерінің бағалары көрсетілген транскрипт;

-Бакалавриат дипломы, бағаларымен (магистранттар мен ғылыми қызметкерлер үшін) немесе соңғы оқу орнынан алынған диплом;

-Түйіндеме.


Қосымша құжаттар:

-Ғылыми сертификаттар;

- Әлеуметтік белсенділік пен еріктілік жұмысқа арналған сертификаттар;

- Жарияланымдар;

- Ғылыми жетекшіден, проректордан немесе университет ректорынан ұсыныс хат.

Бұл ерекше тәжірибенің бір бөлігі болып, ғылыми дағдыларыңды дамытуға мүмкіндігіңді жоғалтып алма!


Толық ақпарат алу үшін карусельді сырғытыңыз немесе қордың сайтына өтіңіз болады: yessenovfoundation.org.

Версия сайта для слабовидящих