"ХАТУ" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы
01.11.2024

Құрметті «ХАТУ» АҚ акционерлері!

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ХАТУ» АҚ) «ХАТУ» АҚ акционерлерінің Кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) 2024 жылғы 04 желтоқсанда Алматы қаласы уақыты бойынша 10 сағат 00 минутта бетпе-бет нысанда, оның ішінде конференц-залда бейнебайланыс арқылы өткізілетіні туралы хабарлайды. Жиналыс өтетін орын: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Манас көшесі 34/1, 10-қабат.


Күн тәртібінде:

  1. «ХАТУ» АҚ-ның қаржылық есептілігі аудитін және «ХАТУ» АҚ-ның салық аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау туралы.
  2. «ХАТУ» АҚ жарияланған акцияларының санын ұлғайту туралы.
  3. «ХАТУ» АҚ Директорлар кеңесі шешімімен бекітуге жататын «ХАТУ» АҚ ішкі қызметін реттеуші Құжаттар тізімін және «ХАТУ» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы шешімімен бекітуге жататын «ХАТУ» АҚ ішкі қызметін реттеуші Құжаттар тізімін бекіту туралы.


Жиналыстың күн тәртібіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіп бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Жиналысты шақыртудың бастамашысы «ХАТУ» АҚ Директорлар кеңесі болып табылады (28 қазан 2024 ж. № 8 хаттама).

Жиналысқа қатысуға құқығы бар «ХАТУ» АҚ Акционерлерінің тізімі 2024 жылғы 01 қараша 00 сағат 00 минуттағы (Астана қаласы уақыты бойынша) жағдай бойынша «ХАТУ» АҚ Акционерлері тізімі деректері негізінде жасалды.

Жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталуы 2024 жылғы 04 желтоқсанда сағат 09 сағат 30 минуттан бастап 10 сағат 00 минутқа дейін (Алматы қаласы уақыты бойынша) жиналыс өтетін жерде жүргізіледі.

Кворум болмаған жағдайда немесе қандай да бір себептермен жиналыс белгіленген уақытта өтпеген жағдайда қайта өтетін жиналыс 2024 жылғы 06 желтоқсанда 10 сағат 00 минутта (Алматы қаласы уақыты бойынша) бетпе-бет нысанда, оның ішінде конференц-залда бейнебайланыс арқылы алғашқы жиналыс өтетін жерде өтеді.

Қайталап өткізілетін жиналысқа қатысушыларды тіркеудің басталуы 2024 жылғы 06 желтоқсанда 09 сағат 30 минуттан 10 сағат 00 минутқа дейін (Алматы қаласы уақыты бойынша) жиналыс өтетін жерде жүргізіледі.

Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты материалдармен жиналыс өткізілетін күнге дейін 10 (он) күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Манас көшесі 34/1, 10-қабат мекенжайы бойынша «ХАТУ» АҚ ғимаратында жұмыс күндері сағат 09 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін (Алматы қаласы уақыты бойынша) танысуға болады.

«ХАТУ» АҚ акционерлерінен сұрату болған жағдайда жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар сұратуды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жіберіледі. «ХАТУ» АҚ акционерлерінің сұратуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «ХАТУ» АҚ заңды мекенжайы бойынша қабылданады.

Алдағы жиналыс туралы хабарлама Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және «ХАТУ» АҚ Жарғысына сәйкес «ХАТУ» АҚ интернет-ресурсында қолжетімді болады.

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-52-баптарына сәйкес өткізіледі.


Жиналысты өткізу тәртібі:

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабында белгіленген тәртіппен өткізіледі.

Жиналыс ашылғанға дейін «ХАТУ» АҚ-ның жиналысқа келген акционерлерін (акционерлердің өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. «ХАТУ» АҚ акционерінің өкілі жиналысқа қатысуға және дауыс беруге өкілеттігін растайтын сенімхатты ұсынуы тиіс.

Бетпе-бет өткізілетін жиналысқа келген «ХАТУ» АҚ акционері (акционердің өкілі) тіркелуге міндетті.

Тіркеуден өтпеген «ХАТУ» АҚ акционері (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

Егер «ХАТУ» АҚ жарғысында немесе бетпе-бет өткізілген жиналыстың шешімімен өзгеше жағдай белгіленбесе, оған басқа адамдар шақырусыз қатыса алады. Мұндай тұлғалардың жиналыста сөз сөйлеу құқығы «ХАТУ» АҚ Жарғысында немесе жиналыстың шешімімен белгіленеді.

Жиналыс кворум болған жағдайда жарияланған уақытта ашылады.

Жиналыс «ХАТУ» АҚ барлық акционерлері (олардың өкілдері) тіркелген, хабардар етілген және жиналыстың ашылу уақытын өзгертуге қарсылық білдірмейтін жағдайларды қоспағанда, жарияланған уақыттан ерте ашылмайды.

Жиналыс жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлайды.

Жиналыс ашық немесе жасырын (бюллетеньдер бойынша) дауыс беру формасын анықтайды. Егер «ХАТУ» АҚ Жарғысында өзгеше жағдай көзделмесе, жиналыстың төрағасын (төралқасын) және хатшысын сайлау бойынша дауыс беру кезінде «ХАТУ» АҚ-ның әрбір акционері бір дауысқа ие болады және шешім қатысушылардың санына қарай қарапайым көпшілік дауыс арқылы қабылданады.

Жиналыс барысында оның төрағасы қаралатын мәселе бойынша жарыссөзді аяқтау туралы ұсынысты дауыс беруге қоюға, сондай-ақ ол бойынша дауыс беру тәсілін өзгертуге құқылы.

Төраға күн тәртiбiндегі мәселені талқылауға қатысуға құқығы бар адамдардың сөз сөйлеуi жиналыс регламентiн бұзуға әкеп соқтыратын жағдайды немесе осы мәселе бойынша жарыссөз тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, олардың сөз сөйлеуiне кедергі жасауға құқығы жоқ.

Жиналыс жұмысындағы үзіліс және жұмыс мерзімін ұзарту, оның ішінде жиналыстың күн тәртібіндегі жекелеген мәселелерді қарастыруды келесі күнге ауыстыру туралы шешім қабылдауға құқылы.

Жиналыс күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, осы мәселелер бойынша шешімдер қабылданғаннан кейін ғана жабық деп жариялана алады.

Жиналыс хатшысы жиналыс хаттамасында көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауапты болады.


Жиналысқа қатысты сұрақтар бойынша «ХАТУ» АҚ акционерлері «ХАТУ» АҚ Корпоративтік хатшысы Альфия Давлетовамен хабарласа алады:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Манас көшесі 34/1, 10 қабат, жұмыс күндері сағат 9:00-ден сағат 18:00-ге дейін (Алматы қаласы уақытымен), тел: + 7 (727) 244-51-11 вн. 2106, e-mail: adavletova@iitu.edu.kz.

Версия сайта для слабовидящих