Құрметті ХАТУ докторанттары!
Сіздерге Хасселт университетімен (UHasselt, Бельгия) бірлескен бағдарлама аясында қос диплом алу мүмкіндігі туралы хабарлауға қуаныштымыз. Бұл бағдарлама сізге екі университетте бір уақытта өз докторлық диссертацияңызбен жұмыс істеп, қорғау нәтижесінде екі диплом алу мүмкіндігін береді.
Бағдарламаға қатысудың негізгі шарттары:
• Әрбір докторанттың екі ғылыми жетекшісі болады — біреуі әр университеттен.
• Бағдарлама әрбір университетте кем дегенде 6 ай болуды талап етеді (үздіксіз болуы шарт емес).
• Әрбір докторантпен жеке келісімшарт жасалады.
• Хасселт университетінде бірінші оқу жылында және соңғы жылы (қорғау жылы) шамамен 557 евро тіркеу ақысын төлеу қажет.
• Докторант ағылшын тілінде бір диссертация жазып, оны бір рет көпшілік алдында қорғайды (әдетте, негізгі университетінде).
• Қорғау комиссиясының құрамы екі университеттің талаптарына сәйкес келісіліп бекітіледі.
• Сәтті қорғаудан кейін әрбір университет докторантқа диплом береді, оның қосымшасында серіктес университет туралы ақпарат көрсетіледі.
Бағдарламаға қатысу үшін сілтеме https://forms.gle/qwbuUbbhejvkMJTt5бойынша өтуіңізді сұраймыз.
Ғылыми горизонтыңызды кеңейтіп, екі дипломның иесі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!