Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 Қаулысының 15-бабының 148-тармағына және «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым саласындағы сыйлықтарға және мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлерді іріктеу конкурсын жариялайды (бұдан әрі – Конкурс).
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 4 тамыздағы № 389 бұйрығымен (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033264) ғылым саласындағы сыйлықтар және мемлекеттік ғылыми стипендиялар белгіленді:
- К.И. Сәтбаев атындағы сыйлық – табиғи ғылымдар саласындағы ең үздік ғылыми зерттеуге;
- Ч.Ч. Вәлиханов атындағы сыйлық – гуманитарлық ғылымдар саласындағы ең үздік ғылыми зерттеуге;
- Ы. Алтынсарин атындағы сыйлық – педагогика саласындағы ең үздік ғылыми зерттеу мен еңбекке;
- Күлтегін атындағы сыйлық – түркітану саласындағы ерекше жетістікке;
- Д.А. Қонаев атындағы сыйлық – табиғи ғылымдар саласындағы ең үздік еңбегі үшін жас ғалымдарға;
- М.О. Әуезов атындағы сыйлық – гуманитарлық ғылымдар саласындағы ең үздік еңбегі үшін жас ғалымдарға;
- 75 мемлекеттік ғылыми стипендия, оның ішінде 40 жасқа дейінгі талантты жас ғалымдарға арналған 50 мемлекеттік ғылыми стипендия.
Конкурс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізіледі, атап айтқанда:
- Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жыл 14 қыркүйек № 466 бұйрығы «Ғылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру ережелерін бекіту туралы» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033417);
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2021 жыл 14 қазан № 517 бұйрығы «Ғылым саласындағы сыйлықтар беруге арналған жұмыстарды және мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлерді іріктеу критерийлерін бекіту туралы» (https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/725692?lang=ru);
- Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2020 жыл 11 маусым № 242 бұйрығы ««Ғылым саласындағы сыйлықтарға және мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлердің жұмыстарын қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін бекіту туралы» (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020852).
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жыл 8 қазан № 482 бұйрығы мен Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 642/НҚ бұйрықтарына (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/201806/rus) сәйкес, биылғы жылы ғылым саласындағы сыйлықтарға және мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлерді іріктеу жұмыстары «Ұлттық инновациялық жүйенің бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы пилоттық режимде электронды форматта жүргізіледі.
Конкурстық материалдарды рәсімдеу талаптары: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1100007392
Өтінімді беру:
сыйлықтар:
https://astanahub.com/ru/l/awards
стипендиялар:
https://astanahub.com/ru/l/scholarships
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ғылым саласындағы сыйлықтарға және мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлерді іріктеу жұмыстары
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясымен осы хабарлама жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде жүргізіледі.
Ғылым саласындағы сыйлықтарға мынадай құжаттар ұсынылады:
- монографиялар, монографиялардағы тараулар, мақалалар, патенттер, авторлық куәліктер түріндегі ғылыми еңбек (бес данадан аспайтын);
- жұмыстың мазмұны, зерттеудің өзектілігі мен жаңалығы, негізгі ғылыми нәтижелері, олардың маңыздылығы және одан әрі пайдалану мүмкіндігі туралы қысқаша сипаттама (жарты баспа табағынан аспайтын)
- жұмысты ұсынған ұйымның кеңес беруші органының отырысының хаттамасынан үзінді;
- сыйлыққа үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтама;
- сыйлыққа үміткердің ғылыми қызметінің қысқаша сипаттамасы, оның шығармашылық үлесі көрсетіледі (ұжымдық жұмыстар үшін);
- жұмысты ұсынған ұйымнан берілген, ұсынылған жұмыстың (жұмыстар сериясының) бұрын республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін сыйлықтарға ие болмағаны туралы анықтама;
- енгізу актісінің көшірмесі (егер болса);
- карточкалық базадағы әрекеттегі жиырма санды есепшот туралы хабарлама.
Мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынады:
- ұйымның кеңес беруші органының мотивациялық өтініші (ұсынысы);
- мемлекеттік ғылыми стипендияға үміткердің негізгі жұмыс орнынан анықтама;
- мемлекеттік ғылыми стипендияға үміткердің соңғы бес жыл ішіндегі ғылыми жарияланымдарының тізімі және оның ішіндегі ең маңыздыларының көшірмесі (бес данадан аспайтын);
- енгізу актісінің көшірмесі (егер болса);
- карточкалық базадағы әрекеттегі жиырма санды есепшот туралы хабарлама.
Байланыс үшін:
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы:
+7 (727) 364 – 76 – 48
+7 775 943 03 05
+7 (707) 900 – 32 – 01
+7 775 959 62 64