Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарға гранттық қаржыландыру конкурсын жариялайды. Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымның келесі басым бағыттары бойынша жобалар қабылданады:
- Экология, қоршаған орта және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану;
- Энергетика, заманауи материалдар және көлік;
- Заманауи өндіріс, сандық және ғарыштық технологиялар;
- Елдің зияткерлік потенциалы;
- Өмір және денсаулық ғылымы;
- Ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуы;
- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік.
«ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу жөніндегі қоңыраулар орталығы: +7 (727) 222-11-02
(ішкі нөмірлер: 201, 203, 204, 207, 210, 211, 213, 214, 216, 218, 219, 221, 226, 229, 230)
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, 9:00 – 18:00, түскі үзіліс 13:00 – 14:00.
Конкурсқа қатысу туралы құжаттаманы түсіндіру және өтінімді рәсімдеу мәселелері бойынша 8 (7172) 74-24-55, 74-24-71 телефондары бойынша хабарласыңыз; қаржылық мәселелер бойынша 8 (7172) 74-16-53 телефон нөміріне хабарласыңыз.
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, 9:00 – 18:30, түскі үзіліс 13:00 – 14:30.
Конкурсқа қатысу өтінімдері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетіне электронды түрде, ғылыми жетекші мен өтінім берушінің электронды цифрлық қолымен бекітіліп, «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы https://is.ncste.kz сілтемесі бойынша жіберіледі.
Өтінімдерді қабылдау - 2024 жыл 7 қараша.
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні – 2024 жыл 6 желтоқсан (қоса алғанда).