2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру
23.04.2024


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі – Ғылым комитеті) ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;

– Энергия, озық материалдар және көлік;

– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;

– Елдің зияткерлік әлеуеті;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік  бойынша 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.


Конкурстық құжаттама Ғылым комитетінің (https://www.gov.kz/memleket/entities/science?lang=ru) және «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (www.ncste.kz/ru/competition)  сайттарында орналастырылған.


Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-24-68, 74-19-18, 74-25-88, 74-20-29 қаржылық сұрақтар бойынша  тел. 8 (7172) 74-27-64. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.


Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-02 (ішкі нөмерлері 207, 208, 209, 210,211,213, 214, 215, 216, 217, 218, 219, 220, 221, 223, 224).  Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.


Бағдарлама жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі.


Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2024 жылғы 24 сәуір.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2024 жылғы 27 мамыр (қоса алғанда).

Конкурстық құжаттама

Версия сайта для слабовидящих